Accessibility links

Алматыда полиция қызметкерін атып кетті


Алматыдағы полиция көліктері. Көрнекі сурет.
Алматыдағы полиция көліктері. Көрнекі сурет.
Алматыда бүгін таңертең белгісіз біреулердің атқан оғынан бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісінің ауыр жараланған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Қаладағы Бекмаханов көшесінде тұрған жеңіл көліктердің біріне полиция патрулі жақындаған сәтте оларға қарсы оқ атылған. Полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаев басына тиген оқтан сол жерде қаза тауып, оның серігі полиция лейтенанты Ерназ Қожахметов ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді делінген полицияның хабарламасында.

Алматы полициясы осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жас жігітке және бозғылт «Хюндай» маркалы жеңіл автомашинаға іздеу жариялады.
XS
SM
MD
LG