Accessibility links

Ресейде оппозициялық партия тіркеуден өтті


Ресейлік саясаткер Владимир Рыжков баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 23 маусым 2011 ж.
Ресейлік саясаткер Владимир Рыжков баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 23 маусым 2011 ж.
Ресей әділет министрлігі бүгін оппозициялық Халық еркіндігі республикалық партиясын (ПАРНАС) тіркеуден өткізді.

Бұл жаңалық хабар Ресей президенті Владимир Путиннің Лондонға сапары қарсаңында белгілі болып отыр.

Еуропалық адам құқығы жөніндегі соттың шешімінен соң биыл мамыр айында Ресей үкіметі саясаткер Владимир Рыжков жетекшілік ететін Республикалық партияның мемлекеттік тіркеуін қалпына келтірген еді. Маусымда ол партия Ресейдегі тағы бір оппозициялық саяси ұйым - Халық еркіндігі партиясымен (ПАРНАС) бірікті.

Жаңартылған саяси партия өз бағдарламасында елде мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу, саяси тұтқындарға бостандық беру, елде саяси реформа жүргізу, соның ішінде президенттің қызмет мерзімін қысқарту сияқты мақсаттарды көздейді.

Халық еркіндігі республикалық партиясының теңтөрағалары болып Михаил Касьянов, Борис Немцов және Владимир Рыжков сайланған. Рыжков сонымен бірге партияның жауапты хатшысы міндетін қоса атқарады.
XS
SM
MD
LG