Accessibility links

Ресей: Pussy Riot үкімін сынау - негізсіз


Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Путинге қарсы ән салған Pussy Riot панк тобының мүшелері. Мәскеу, 4 ақпан 2012 жыл.
Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Путинге қарсы ән салған Pussy Riot панк тобының мүшелері. Мәскеу, 4 ақпан 2012 жыл.
Ресей Pussy Riot панк тобының үш мүшесіне шыққан үкімге қатысты айтылған сындарды негізсіз деп санайды.

Бұл туралы мәлімдеген сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Лукашевич "панк топтың әрекеті халықаралық қауымдастықтың сот үкіміне саяси сипаттағы, күні бұрын ойластырылған баға беруіне мүмкіндік тудырды" деді.

Pussy Riot тобының үш мүшесі ақпан айында Мәскеуде Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында «Құдай ана, Путинді қуа гөр» деп орыс тілінде ән салған еді. Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл «феминистік Pussy Riot панк тобы Құтқарушы Ғайса ғибадатханасын қорлады» деп мәлімдеме жасаған.

Ғибадатханадағы оқиғадан соң көп кешікпей үш қыздың үстінен «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 17 тамызда әрқайсысы екі жыл мерзімге сотталды.

"Бұл оқиғада белгілі бір деңгейде өркениеттер қақтығысының көріністері бар" деді Александр Лукашевич.

Кейбір халықаралық ұйымдар Pussy Riot тобы мүшелерін соттау Владимир Путиннің саяси диссиденттерге төзбейтінін көрсетіп отыр деп сынады.
XS
SM
MD
LG