Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова маусымда АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде ағылшын тілінде шыққан әндер жинағынан соң шетел баспасөзінде өзіне қатысты айтылған сыни пікірлерге түсінік берді.
France Press агенттігінің хабарлауынша, Ташкентте өткен баспасөз жиыны барысында ол "сын мақалалардың өзі әндер жинағын жақтастары ғана емес, қарсыластары да тыңдағанын көрсетеді" деді. Ол Нью-Йоркте өткен сән апталығында өз атындағы Guli киім үлгілерін жұртқа көрсете алғанын да айтты. Бұдан бұрын Батыс баспасөзінде оның құқық қорғау ұйымдарының қысымымен сәнді киімдер топтамасын көрсете алмай қалғаны туралы жазылған еді.
Сахнаға шығумен қатар Гүлнара Каримова Гарвард университетінің докторы деген атаққа ие. Дипломатиямен айналысып, киім, косметика және зергерлік бұйымдар шығарумен айналысады.
Оның әкесі Ислам Каримов елді СССР құлағалы бері басқарып келеді. Адам құқықтарын үнемі бұзатыны үшін Каримовтың режимі жиі сынға ұшырайды.