Accessibility links

Қырғызстан "Хизб-ут-Тахрир" мүшелерін ұстағанын хабарлады


"Хизб-ут-Тахрир" ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
"Хизб-ут-Тахрир" ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы Жалал-Абад облысы билігінің хабарлауынша, аймақта тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының бөлімшесі мен оның жетекшісі ұсталды.

Құқық қорғау органдары ұйым мүшелерінен экстремистік сипаттағы әдебиеттер, дискілер мен аудиотаспа тапты. Қазір ұйым мүшелерінің экстремистік идеяларды таратып, үкіметті құлатуға шақырған қызметтерді атқарғаны тексеріліп жатыр.

"Хизб-ут-Тахрир" - исламшыл халықаралық партия. Оның басты мақсаты - барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіру. Партия жетекшілері бұл мақсатқа бейбіт түрде жететіндерін айтып келеді. Бірақ партияға көп елдерде, оның ішінде Қырғызстан мен Қазақстанда да тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG