Accessibility links

АҚШ жағалауына Айзек дауылы жақындап қалды


Луизиана штатына жақындап келе жатқан Айзек теңіз дауылының ғарыштан түсірілген көрінісі. 27 тамыз 2012 жыл.
Луизиана штатына жақындап келе жатқан Айзек теңіз дауылының ғарыштан түсірілген көрінісі. 27 тамыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама тропикалық Айзек теңіз дауылы жақындап келе жатқан Луизиана штатында төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай Флорида, Миссисипи және Алабама штаттарында да жарияланды.

Айзек дауылы мұның алдында Гаити, Куба және Доминикан республикасына соғып, біраз жерін қиратып, күшті сел жүргізген. 21 адам құрбан болды. Оның 19-ы Гаитиде қаза тапты. Кейбір болжамдарға қарағанда, дауыл Нью-Орлеан штатына тікелей қауіп төндіріп тұр. Бұл штатта осыдан жеті жыл бұрын Катрина дауылы соғып, 1800 адам қаза тапқан еді.

Дауыл АҚШ-тың Республикалық партиясын Флоридада болатын съезін кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Съезде Митт Ромни партия атынан президенттікке үміткер деп ресми түрде жариялануы тиіс еді.

Дауыл қаупінен Мексика түбегінде мұнай өндіретін кеніштердің төрттен үші жұмысын уақытша тоқтатты.
XS
SM
MD
LG