Accessibility links

Бас прокуратура: Құлсарыда 5 адам қаза тапты


Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.
Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.
Бүгін, 12 қыркүйекте Атырау облысының Құлсары қаласында болған арнайы операция барысында "террористік топқа қатысы бар" деген күдікпен бес адамның көзі жойылып, біреуі ауыр жараланды деп хабарлады бас прокуратура.

Ресми сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, күдіктілердің 5 қыркүйекте Атырау қаласында жарылыс кезінде қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовпен байланысы бар.

Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, қазір жедел тергеу шаралары жүріп жатыр дейді бас прокуратура.
XS
SM
MD
LG