Бүгін түстен кейін Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының жанында «Мемлекеттік тілді қолдау» жиыны өтті деп хабарлайды оған қатысқан Азаттық тілшісі.
Белгіленген уақыттан жарты сағатқа кешігіп басталған арнайы шараға кейбір қоғам белсенділері, ақын-жазушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері - ондаған адам қатысты. Жиналғандар алдында сөйлегендер тәуелсіз Қазақстан елінде заңды түрде мемлекеттік мәртебе алғанына 20 жылдан асса да қазақ тілінің әлі күнге тиісті дәрежеге ие болмай отырғанын айтып, үкіметтің тіл саясатына қатысты іс-әрекетін, «үш тұғырлы тіл» бағдарламасын сынға алды.
Жиын соңында оқылған мәлімдемеде үкіметке елдегі бірқатар қоғамдық ұйымдар әзірлеген «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын биылғы жылдың соңына дейін парламентте талқылап, қабылдау туралы талап айтылған.
Қазақ тілін қолдауға арналған бұл жиынды өткізуге Алматы қалалық әкімшілігі рұқсат берген.
Бүгін - Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыдан тура 23 жыл бұрын, 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған еді. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілген болатын.