Accessibility links

Палестина халықаралық ұйымдардан көмек сұрады


"Палестина автономиясына халықаралық қауымдастық экономикалық дағдарыстан шығу үшін қаржылай көмек бермесе, Палестина мемлекетін құру процесі күйреуі мүмкін" деп мәлімдеді БҰҰ-ның штаб пәтерінде донор елдердің қаржы министрлері, халықаралық қаржы институттарының және Таяу Шығыс мәселесін реттеу жөніндегі "төрттік" өкілімен кездескен Палестинаның қаржы министрі Набиль Кассис.

Оның айтуынша, қаржы донорлары уәде еткен 300 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны әлі күнге бермеген. Бұл қаржының бір бөлігін беруге АҚШ сенаты шектеу қойған.

Палестина министрі халықаралық қауымдастықты Израиль-Палестина қақтығысын жылдамдата реттеуге бағытталған шараларды қабылдауға да шақырды.
XS
SM
MD
LG