OpenDemocracy сайтында қыркүйектің 20-ы күні Қазақстандағы гастарбайтерлер жайлы мақала жарияланды. Сарапшы: «Орталық Азияның мигранттары Ресейден гөрі Қазақстанда жұмыс істегенді дұрыс көреді. Себебі Ресейдегі расизм проблемасы оларға жиі қауіп тудырады. Мигранттар тұрмыс деңгейі аса жоғары болмаса да мәдениеті мен діні ұқсас Қазақстан аумағында қалып, жұмыс істегенді дұрыс көреді» деп жазады.
Мақала авторы, Лондон университетінің ғалымы Бавна Даве Қазақстанды газ және мұнай өндірісінің өркендеуі арқасында Орталық Азиядағы экономикалық жағынан ең қуатты елге айналды деп есептейді. Жалғыз Қазақстанның ЖІӨ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты үш елдің ЖІӨ-нен асып түседі.
Автор Қазақстан тәуелсіздік алған соң 2 миллионға жуық орыс тілді тұрғындар басқа елдерге көшіп кеткенімен, олардың орнын оралман мәртебесін алған шетелдегі этникалық қазақтар көшіп келіп толтырды деп жазады. Оның үстіне ел экономикасының қарқынды дамуы да бұл елді мигранттар көп келетін елге айналдырғанын атап өтеді. Автордың келтірген дерегі бойынша 2010 жылға дейін Қазақстан 800 мыңға жуық көшіп келген жұртты қабылдап, ең көп мигранттар қабылдайтын әлемдегі 10 елдің қатарына қосылған. Бірақ Қазақстанның Ресейден кейінгі Орталық Азияның басқа елдерінен заңсыз түрде, тіркелместен келіп жұмыс жасап, күн көретін гастарбайтерлердің де отанына айналғаны көпшілікке белгісіз деп санайды автор.
«МИГРАНТТАР ҮШ МИЛЛИОНҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ»
Зерттеу авторы Орталық Азия елдерінен Қазақстанға келген мигрант жұмысшылардың әлі күнге дейін саны белгісіз деп жазады. Оларды тіркеп отыратын заңды органдар жетіспейтін болғандықтан билік орындары да оларды толық бақылап отырған жоқ. Сондықтан да оларды «заңсыз» немесе «тұрақсыз жұмысшылар тобы» деп есептейді. Қазір оларды Германиядан Ресей арқылы Қазақстанға өткен «гастарбайтер» деген жаңа терминмен атай бастады. Автор бұл жаңа терминнің Қазақстанда «өте кедей, қара жұмыс істеуші адамдарды» сипаттайтын анықтамаға айналғанын ескертеді.
Үкіметтің арнайы ресми статистикасы болмағандықтан Халықаралық көші-қон ұйымының 2010 жылғы санағы бойынша Қазақстанда жарты миллионнан бір миллионға дейін мигрант жұмысшы жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан, 25 пайызы Қырғызстаннан, қалғандары Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Кейбір мекемелер алдағы жылдары мигранттар саны 3 миллионға дейін жетеді және олардың 200-300 мыңдайы ғана заңды түрде тіркеліп жұмыс жасайды деп болжайды.
Мигранттардың жартысына жуығы құрылыс саласындағы жергілікті халық істегісі келмейтін кілең кір, лас, қауіпті жұмыстарды жасайды. Қалғандары қызмет көрсету саласы мен ауыл шаруашылық саласының барлық тармағында күн көріп жүр.
Кәсіби шеберлігі аса жоғары болмағанымен орта деңгейдегі арзан жұмысшылардың өзі Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қаласындағы құрылыс пен қызмет көрсету саласының шапшаң дамуына ықпал етті. Алайда ресми билік органдары мигрант жұмысшылардың экономиканың жақсаруына қосқан үлестері жайында ешқандай да арнайы зерттелген мәліметтер бермейді. Мемлекеттік органдар мигранттарды «заңсыз тұрады, елдегі қылмыстың өсуіне ықпал етеді, қауіпсіздік мәселесін күрделендіреді» деп айыптап, олармен күрескен сыңай танытқанымен ықпалды тұлғалардың гастербайтерлер жалдауына көз жұмып қарайды.
«АШЫҚ РАСИЗМ ЖОҚ»
Мақала авторы қорғансыздығына қарамастан мигранттардың Қазақстанға келіп жұмыс жасауға тәуекел етіп жүргеніне таңданыс білдіреді. Қазақстан тұрақтылық және төзімділік сияқты сипаттамалары арқылы әйгілі болған. Расында да бұл ел Ресеймен салыстырғанда Орталық Азия елдерінің халқы үшін әлдеқайда жайлы.
Автор 20 жасында Ферғанадан Астанаға жұмыс іздеп келген екі жас өзбек жігітінің өмірін мысалға келтірген. Бахтияр және Раушан есімді екі өзбек жігіті үшін Астанада жұмыс істеп, мал табудың мүмкіндігі көп. Олар Қазақстан астанасында құрылыста жұмыс жасап, ақша тауып, өздерінің де, әпкелерінің де үйлену тойларын атқаратын қаржы жинағандарын айтқан. Автор осы пікірін қосымша дәлелдермен тағы да нықтай түскен. Бабамурат есімді тәжірибелі мигрант құрамында 26 адамы бар бригаданы басқарады. Оның айтуынша, еңбекақы Ресейде жоғары. Бірақ Қазақстан олар үшін жайлы, тыныш мекен. Бұқара қаласынан келіп, Қарағанды, Астана қаласында құрылыста жүрген этникалық тәжік жігіттері де Қазақстанда тапқан ақыларына дән риза. Олар 7 жылдан астам уақыт Ресейдің әр түрлі қалаларында гастарбайтер болып еңбек еткен. Олар да «Ресейде жұмыс көзі өте көп. Бірақ ұлтшылдар мен скинхедтер тыныштық бермейді» деп шағынған.
Зертеуші Қазақстанда ашық расизмнің байқалмайтынын, оның үстіне тіл мен діннің жақындығы да еңбек мигранттарының жергілікті халықпен тез тіл табысып кетуіне игі ықпал ететініне назар аударады.