Accessibility links

Қазақстан өкілі: Қытай Іленің суын көп алып отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қытай егістік жердің ұлғаюына байланысты Іле өзенінің суын көптеп алып отыр деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Ислам Әбішевтің мәлімдеуінше, "соңғы 25 жылда Іле өзеніндегі судың орташа деңгейі төмендеп кеткен. Бұл Қытайдың Іле өзені суын өзіне бұра тартып отырғанын көрсетеді".

Әбішевтің айтуынша, Іле өзені суының 80 пайызы Қытай территориясынан келеді, сондықтан Қытай оны өзіне бұр алады. Бірақ Ислам Әбішев Қытайдың басқа трансшекаралық өзен - Ертіс суын аса көп бұра алмайтынын айтты.

2014 жылы Қазақстан мен Қытай өзен суларын бөлісу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG