Accessibility links

Әминовтің «кінәсін мойындағаны» айтылды


Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Ақтауда өтіп жатқан оппозиция белсенділерінің сотында мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминов өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындады. Бұл туралы соттан хабар таратып отырған "Республика" порталы Twitter-дегі парақшасында жазады.

Ақжанат Әминовтің адвокаты Досболовқа сілтеме жасаған портал оның айыптарын "куәгерлердің сөздері де растағанын" айтады.

Оппозиция белсенділері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовтің сотында дүйсенбіде жарыссөз басталған.

Тамыз айында басталған сот процесінде істері қаралып жатқан тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер Серік Сапарғали және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовқа «конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болды», «әлеуметтік араздық тудырды» және «қылмыстық топ құрды» деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG