Accessibility links

Атырауда 3 адам "терроризм" күдігімен ұсталды


Атырауда "террористік әрекет жасамақ болды" деген күдікпен тағы 3 адам тұтқындалды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.

Оның айтуынша, Атырау қаласының 2-соты Қызылқоға ауданы Миялы ауылының үш тұрғынын 2 айға қамау туралы санкция шығарған.

- 19 жастағы Мейірбек Жанқуатов, 22 жастағы Махамбет Исағалиев пен 46 жастағы Ыбырай Адир құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлеріне қарсы Атырау аумағында террористік акті жасамақ болды деп айыпталып отыр. Оларды екі айға қамауға алуға санкция берілді, - деді Боранбай Ғалиев.

Баспасөз хатшысының айтуынша, күдіктілер заңсыз қару сатып алған.
XS
SM
MD
LG