Қашаған кенішінен мұнай 2013 жылдың наурызында өндіріле бастайды деп хабарлайды Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаевқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.
Құлыбаев бұл жайында Астанада өтіп жатқан Еуразиялық Kazenergy форумының баспасөз жиынында мәлім еткен. Ол бұған қоса қазір мұнай-газ саласында Қазақстанның үлесін арттыру жұмыстары жүріп жатқанын да айтқан.
Қазақстандағы ең ірі мұнай кеніші Қашаған Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан.
2000 жылы табылған бұл кеніш әлемдегі соңғы 30 жылда ашылған ірі мұнай кеніштерінің қатарына кіреді.