Accessibility links

"Ақ жол" партиясы Аманжан Рысқалидың мүшелігін тоқтатты


Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали
Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали
"Ақ жол" партиясы партия мүшесі, мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалидың партия мен оның президиумына мүшелігін тоқтатты.

"Ақ жол" партиясының ресми сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, бұл шешімге Атырау қаласы 2-сотының Рысқалиды екі ай мерзімге тұтқындау туралы берген санкциясы себеп болған.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, Аманжан Рысқалиға қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-тармағына сәйкес «алаяқтық жасады» деген айып сырттай тағылып отыр.

Сот Аманжан Рысқалиды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп таныса, партия басшылығы оны "партия қатарынан мүлдем шығарып тастауды қарастырмақ".

Аманжан Рысқалидың депутаттық өкілеті бұған дейін, 19 қыркүйек күні парламент мәжілісінің отырысында мерзімінен бұрын тоқтатылған.
XS
SM
MD
LG