Accessibility links

Ұлыбритания 5 адамды АҚШ-қа экстрадициялады


Әбу Хамза әл-Масри. Бұл сурет 25 тамыз 2002 жылы Лондонда өткен жиында түсірілген.
Әбу Хамза әл-Масри. Бұл сурет 25 тамыз 2002 жылы Лондонда өткен жиында түсірілген.
Ұлыбритания радикалды көзқарастағы имам Әбу Хамза әл-Масри мен тағы төрт адамды АҚШ-қа экстрадициялады. Оларды әскери әуе базасынан екі ұшақпен алып шыққан.

54 жастағы Әбу Хамзаға АҚШ құқық орғандары 11 бап бойынша айып тағып отыр. Олардың қатарында 1998-2000 жылдары АҚШ-тың Орегон штатында әл-Қаиданың бүлікшілерін дайындайтын лагерь құрмақшы болған, терроризмді қаржыландырған, Йемендегі террорлық әрекеттерге қатысы болған деген айыптаулар бар.

Оны экстрадициялау туралы АҚШ үкіметінің сұранысы британ соттарында бірнеше жыл бойы қаралып, ең соңында кеше, қазанның 5-і күні Лондон Жоғары соты Әбу Хамзаны АҚШ-қа беру туралы түпкілікті шешім шығарған еді.

Египетте туып өскен, 1979 жылы Ұлыбританияға оқуға келген Әбу Хамза әл-Масри 1986 жылы британ азаматтығын алған. 1990 жылдардың басында Ауғанстанда болған ұрыстарға қатысып бір көзі мен қолынан айрылған Әбу Хамза 2006 жылы Ұлыбританияда радикалдық мазмұндағы уағыздары үшін сотталып, түрмеде отырды.
XS
SM
MD
LG