Ресей билігі БҰҰ-ның балалар қоры - ЮНИСЕФ ұйымынан жыл соңына дейін осы елдегі қызметін аяқтауды сұрап отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің бүгін таратқан мәлімдемесінде, Ресейдің барған сайын артып келе жатқан экономикалық және донорлық әлеуеті ел ішіндегі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді делінген.
Ресей үкіметі ЮНИСЕФ қорына бұл елдегі жұмыстарын біртіндеп аяқтай беру туралы ұсынысты 2009 жылы білдірген соң халықаралық ұйым жаңа келісім жасауға талпынып көрген еді, алайда ол нәтиже берген жоқ. Сарапшылар егер халықаралық ұйым Ресейден кететін болса ол бұл елдегі балалардың әл-ауқатына елеулі кесірін тигізеді деп санайды.
ЮНИСЕФ қоры Ресейде 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді.