Accessibility links

Дағыстанда тасқыннан алты адам мерт болған


Дағыстандағы Дербент қаласы. 30 сәуір 2011 жыл.
Дағыстандағы Дербент қаласы. 30 сәуір 2011 жыл.
Ресейдің Дағыстан республикасындағы Дербент қаласындағы тасқын салдарынан алты адам қаза болған, оның бірі - он айлық нәресте деп хабарлады ресми органдар. Бұған дейін табиғи апаттан жеті адамның мерт болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Қатты нөсердің соңы тасқынға ұласып, өткен түнде Дербентте 320 жеке үйді су басты, мыңнан астам адам қауіпті аймақта қалды. Билік орындары қазір қалаға жарық, газ және су беру жүйесі қайтадан қалпына келтірілгенін хабарлап, бүгін кешке дейін көшелер тазартылады деп уәде етті.

Қалада талан-таражға жол бермеу мақсатында полиция патрулі ұйымдастырылған.
XS
SM
MD
LG