Accessibility links

Түркия Сирияның ұшағын босатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Түркия мәжбүрлеп қондырған Сирияның жолаушылар ұшағы Анкара әуежайында біршама уақыт тұрғаннан кейін қайтадан өз бағытымен Дамаскіге ұшып кетті.

Сәрсенбіде Ресей астанасынан Сирияны бетке алып ұшып шыққан А380 аэробусына Түркияның әуе кеңістігінде түріктің әскери ұшақтары кездесіп, оны Анкара әуежайына қонуға мәжбүр етті. Ұшақта 37 адам болған. Түркияның ресми өкілі бұл ұшақты Ресейден Сирияға қару-жарақ апара жатыр деген күдікпен ұстағандарын мәлімдеді.

Сирияның ұшағын бірнеше сағат тексерген соң ондағы жүкті түрік жағының тәркілегені хабарланды, алайда ол жүкте қандай заттардың табылғаны туралы әзірге ресми ақпарат болған жоқ. Түркиялық кейбір ақпарат құралдары ұшақтағы жүкте радиобайланыс құралдарының бөлшектері болған деп хабарлады. Сонымен бірге Түркия билігі түрік әуе компанияларына Сирияның әуе кеңістігі арқылы ұшпауға кеңес бергені хабарланды.

Бұл оқиғаға байланысты Ресей үкіметі Түркиядан түсінік беруді талап етпек деп хабарлады ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігі.
XS
SM
MD
LG