Accessibility links

Құранды өртеген пасторды Канада кіргізбеді


Пастор Терри Джонс.
Пастор Терри Джонс.
Құранды өртеп атышулы болған америкалық пастор Терри Джонсты бейсенбі күні Канада билігі елге кіргізбей қойды. Пастордың өкілінің айтуынша, канадалық шекарашылар Джонсқа осыдан жиырма жылдай бұрын Германияда "доктор" деген атақты заңсыз пайдаланғаны үшін салынған айыппұлды әлі төлемегенін және былтыр Детройтта өткен жиында заң талабын бұзғанын айтқан.

Канада шекара қызметінің ресми өкілдері әдетте бұндай оқиғаларға түсініктеме бермейтіндерін айтып, жауап беруден бас тартты.

Джонс бұл жолы Канадаға биыл мұсылман әлемінде наразылық туғызған "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне байланысты талқылау өтетін жиынға қатысу үшін бармақ болған. Бұған дейін оны Германия мен Ұлыбритания да кіргізбей қойған еді.

Америкалық пастор Терри Джонстың 2011 жылы наурызда құранды өртеуіне мұсылман елдерінде жұртшылық наразылық білдірген.
XS
SM
MD
LG