Accessibility links

Дариға Назарбаева: Қазақстанда БАҚ еркіндігі бар


Еуразиялық медиа форумның төрайымы Дариға Назарбаева. Алматы, 27 сәуір 2010 ж.
Еуразиялық медиа форумның төрайымы Дариға Назарбаева. Алматы, 27 сәуір 2010 ж.
Астанада жұма күні жұмысын аяқтаған Х Еуразиялық медиа форумның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанда БАҚ еркіндігі бар деп мәлімдеді.

«Біздің елімізде БАҚ еркіндігі бар деп санаймын. Себебі интернет бар, кез келген билеуші немесе үкімет, тіпті журналистердің аузын жабуды қалаған күннің өзінде, қазіргі заманғы коммуникациялық мүмкіндіктер ондайға жол бергізбейді. Қазір журналистиканың алдында мүлде басқадай проблемалар тұр. Қазір мазмұн және контент туралы көбірек ойлану керек», - деді Назарбаева.

Қазақстан президентінің үлкен қызы, парламент мүшесі Дариға Назарбаева «Еуразиялық медиа форумға 10 жыл болғанын және оның елді көру үшін және жай ғана әңгімелесу үшін келетін таныс алаңға айналғанына қуанатынын» айтты. Ол келесі XI форумның 2013 жылы 25-26 сәуірде Астана қаласында өтетінін мәлімдеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, екі күнге жалғасқан Х Еуразиялық медиа форумға әлемнің 40 елінен 450 делегат қатысқан. Жиында «араб көктемі» және оның салдары, Еуропа елдеріндегі мультимәдени саясаттың құлдырауы, саяси процестердің дамуындағы интернет-технологиялардың артуы, қазіргі қоғамдағы БАҚ рөлі сияқты тақырыптар бойынша талқылаулар өтті.
XS
SM
MD
LG