Исламшыл «Ән-Наһда» («Өрлеу») партиясы жетекшілік ететін Тунистегі билеуші партиялық коалиция 2013 жылы 23 маусымда Тунис президенті мен парламенті сайланатынын жариялады деп хабарлайды бүгін Рейтер агенттігі.
Өткен жылы қазан айында Тунисте Ұлттық құрылтай кеңеске болған сайлауда «Ән-Наһда» партиясы айқын жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрылтай кеңес елдің төңкерістен кейінгі құрылымын анықтау, жаңа конституция жасаумен шұғылданып, заң шығарушы және атқарушы билік жүйесін қалыптастыруы тиіс еді.
Бұған дейін хабарланғандай , Тунистегі өтпелі кезең бір жылдан аспауы, сол уақыты ішінде елде жаңа сайлау өткізілуі қажет.
Алдағы сайлауда мемлекет басшысы тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Тунистің қазіргі президенті, бұрынғы солшыл партия жетекшісі Монсеф әл-Марзукиді бұл орынға 2011 жылы желтоқсан айында Ұлттық құрылтай кеңес депутаттары бекіткен.
2011 жылы қаңтар айында жемқорлық пен жұмыссыздыққа, елдің әлеуметтік ахуалына төзе алмаған Тунис халқы билік төңкерісін жасаған еді. Бұрынғы президент Зина әл-Әбидин бен Әли елден мәжбүрлікпен кеткенше жаппай тәртіпсіздік орын алып, 80-нен астам адам қаза болды. Бен Әли 2011 жылы қаңтарда Сауд Арабиясына қашқан күннің ертеңіне Конституциялық кеңестің шешімімен қызметінен тайдырылды.