Accessibility links

Ресей оппозициясы: Муниципалдық сайлауда заң бұзылды


Муниципалды сайлауда дауыс беруге келген адамдар. Мәскеу, 14 қазан 2012 жыл.
Муниципалды сайлауда дауыс беруге келген адамдар. Мәскеу, 14 қазан 2012 жыл.
Ресейде оппозиция жексенбіде елдің алты аймағында өткен муниципалдық сайлауда "көптеген заң бұзушылықтар болды" деп санайды. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, алты аймақтың барлығында да заң шығарушы органға басқарушы "Единая Россия" партиясы алда тұр.

Оппозиция билікті дейінгі парламент пен президент сайлауы кезіндегідей үкіметшіл кандидаттарды өткізу үшін сайлау нәтижелерін бюллетендерді топтап салу, "карусель" сияқты әдістерді пайдаланды, сайлау нәтижелерін бұрмалады деп айыптап отыр

Батыс елдері жартылай қаржыландыратын "Голос" ассоциациясы өздеріне заң бұзылғандығы туралы жүздеген шағым түскенін айтады. Бірақ премьер-министр Дмитрий Медведев қандай да бір сайлау заңының бұзылғаны туралы естімегенін айтып, ассоциацияның мәлімдемесін жоққа шығарды.

Жексенбіде Солтүстік Осетия, Удмуртия, Краснодар, Пензен, Саратов және Сахалин облыстарында жергілікті заң шығару органдарына сайлау өткен. Бұдан өзге Амур, Белгород, Новгород, Рязан және Брянск облыстарының губернаторларын сайлау болды.
XS
SM
MD
LG