Accessibility links

Обама мен Ромни дебаттың екінші кезеңін өткізді


Барак Обама мен Митт Ромни дебаттың екінші кезеңінде. Хэмпстед, 16 қазан 2012 жыл.
Барак Обама мен Митт Ромни дебаттың екінші кезеңінде. Хэмпстед, 16 қазан 2012 жыл.
Сейсенбіде Нью-Йорк штатының Хэмпстед қаласында АҚШ президенттігіне үміткер Барак Обама мен оның қарсыласы, республикашыл Митт Ромни арасында дебаттың екінші кезеңі өтті. Бұл жолы қос қарсылас салық саясаты, энергетика мәселелері мен халықты жұмыспен қамту саясаты жайында сөз таластырды.

Барак Обама Митт Ромниді байлар мен мұнай өнеркәсібінің мүддесіне жұмыс істейді деп айыптады. Ол "Ромни қолында билігі бар адамдарды басқа ережемен жүргізгісі келеді" деді.

Ал Ромни Обаманы ел басқарған төрт жылдың ішінде жұмыссыздық деңгейін өсіріп жіберді деп айыптады.

АҚШ-та президент сайлауы 6 қарашада өтеді.
XS
SM
MD
LG