Accessibility links

БҰҰ: Сириядағы жағдай радикалды сипат алуы мүмкін


БҰҰ-ның Сириядағы адам құқықтары жағдайымен айналысатын комиссиясы басшысы Паулу Сержиу Пиньейру.
БҰҰ-ның Сириядағы адам құқықтары жағдайымен айналысатын комиссиясы басшысы Паулу Сержиу Пиньейру.
БҰҰ-ның Сириядағы адам құқықтары жағдайымен айналысатын комиссиясы "Сириядағы қақтығыстарға араласқан шетелдік исламшыл жауынгерлер елдегі жағдайды радикалдандырып жіберуі мүмкін" деген қауіп айтады.

Комиссия басшысы Паулу Сержиу Пиньейрудің айтуынша, Сирияға кірген жүздеген шетел жауынгерлері "демократиялық мемлекет орнату үшін" емес, "өздерінің радикалды пиғылдарын жүзеге асыру үшін" келген.

Комиссия мүшелері сауалнамалар арқылы Сирияға 11 мемлекеттен, оның ішінде көршілес елдерден жауынгерлер келгені белгілі болғанын айтады. Олар соңғы айларда көтерілісшілер мен үкімет әскері тарапынан да бірдей адам құқықтарын бұзу оқиғалары жиілеп кеткенін айтты.
XS
SM
MD
LG