Accessibility links

Қамаудан босаған Pussy Riot әншісі Еуропалық сотқа жүгінді


Pussy Riot панк-тобының мүшесі Екатерина Самуцевич.
Pussy Riot панк-тобының мүшесі Екатерина Самуцевич.
Pussy Riot панк тобының қамаудан босатылған мүшесі Екатерина Самуцевич Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінді. Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, ол заңсыз қылмыстық қудалауға, жөнсіз тұтқындауға және өзінің сөз бостандығы бұзылып отырғанына шағымданған.

"Коммерсант" басылымының жазуына қарағанда, топтың екі жылға сотталған басқа мүшелері - Надежда Толоконникова мен Мария Алехина да Страсбург сотына шағым даярлап жатыр.

Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Владимир Путинге қарсы ән салған топтың үш мүшесі әрқайсысы екі жыл мерзімге сотталған еді. Таяуда сот Самуцевичке шыққан үкімді шартты жазаға ауыстырды. Оның адвокаты Ирина Хрунова Еуропа сотына жазған хатында "тіпті өз еркін білдіргені үшін шартты жазаға кесудің өзі заңсыз және Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенция ережесін бұзатынын" айтты.
XS
SM
MD
LG