Accessibility links

Ресейде оппозиция басшыларын сайлау аяқталды


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.
Ресейде оппозицияның үйлестіру кеңесіне сайлау аяқталды деп хабарлайды Азаттық радиосының Орыс қызметі. Оппозицияның дерегі бойынша, дүйсенбі күні өткен сайлауға 80 мыңнан астам адам қатысты.

Әу баста сайлау екі күнге созылады деп жоспарланған. Бірақ оппозицияның веб-сайтына кибер шабуыл жасалған соң ол тағы бір күнге ұзарды. Дауыс беру онлайн түрінде және Ресейдің бірқатар аймақтарындағы сайлау учаскелерінде жүргізілді.

Үйлестіру кеңесіне 200-ден астам үміткердің 45-і сайланды. Бірінші орынды Алексей Навальный, екінші және үшінші орындарды Дмитрий Быков пен Гарри Каспаров иеленді.

Үйлестіру кеңесіне Ресей оппозициясын біріктіріп, Владимир Путинге қарсылық қозғалысының жұмысын жандандыру міндеті тұр.

Мемлекеттік думада оппозиция сайлауын қатаң сынағандар болды. Думаның қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар комитетінің төрағасы Ярослав Нилов оппозицияның белсенділігін "өзін-өзі жарнамалау және бос даурығу" деп атады. Ал конституциялық заңнама комитеті төрағасының орынбасары Александр Агеев оппозиция сайлау статистикасын "тым асыра көрсеткен" деп сынады.
XS
SM
MD
LG