Accessibility links

Түркіменстан президенті рақымшылық жариялады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі мыңға тарта тұтқынға рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды.

Бүгін теледидар арқылы сөйлеген Бердімұхамедов рақымшылық жасау туралы шешімді "түркімен халқының ізгі дәстүрі бойынша және Түркіменстан тәуелсіздігіне 21 жыл толуына орай" қабылдағанын айтты.

Түркіменстан тәуелсіздік күнін 27 қазанда атап өтеді.

Бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов жылына бір рет - мұсылмандардың рамазан айында рақымшылық жасайтын.
XS
SM
MD
LG