Accessibility links

Маңғыстау полицейлерін түркімен шекарашылары ұстап әкетті


Маңғыстау облысында көші-қон полициясы қызметкерлері мен аңшыларды Түркіменстан шекарашылары ұстап әкеткен деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Оқиғаға орай түсінік берген департамент қызметкерінің айтуынша, "18-19 қазан күндері миграциялық полиция қызметкерлері аудандық ішкі істер басқармасы бастығының бұйрығы бойынша іссапарға аттанған. Мигранттарды іздеу бұйрығын орындап, қайтар жолда Түркіменстан шекарасын кесіп өтіп кеткендіктен оларды түркімен шекарашылары ұстап алған".

Оның сөзіне қарағанда, департаментте бұдан өзге ешқандай ресми ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG