Accessibility links

Жаңаөзен атауын өзгертуді талқылау басталды


Жаңаөзен атауы жазылған тақта. http://uz.eugk.com сайтынан алынған. Авторы Ибрагим Газиков.
Жаңаөзен атауы жазылған тақта. http://uz.eugk.com сайтынан алынған. Авторы Ибрагим Газиков.
Жаңаөзен атауын өзгерту мәселесін "жергілікті билік пен халық талқылай бастаған".

Бұл туралы Азаттық тілшісіне хабарлаған Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Нұрбол Телегеновтің айтуынша, кешеден бері Жаңаөзенде осыған қатысты жергілікті билік пен халық арасында талқылаулар өтіп жатыр.

- Облыстық әкімшілік Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен мәслихатына Жаңаөзен атауын өзгерту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқылау туралы тапсырма берген болатын. Заң бойынша, әкімшілік жергілікті халықпен кездесіп, бұл ұсынысты талқылауы керек. Кешеден бері бұл мәселе Жаңаөзенде талқыланып жатыр. Ертең де талқыға салынады, - деді Нұрбол Телегенов.

Оның айтуынша, талқылау аяқталысымен бұл мәселе бойынша "жоғары жаққа ұсыныс жасалады".

- Ақсақалдардың ұсынысы жайдан-жай жасалып жатқан жоқ. Бұл халықтың да пікірі. Әзірге нәтижесі белгісіз. Қандай да бір шешім қабылданғаннан кейін әкімшілік халықпен бірге заң бойынша үкіметке ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты үкімет жанындағы ономастика бөлімі қарастырады, - деді Нұрбол Телегенов.

27 қазан күні маңғыстаулық ақсақалдар тобы Жаңаөзен қаласының атауын "Бекет ата" деп өзгерту жөнінде облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджановқа ұсыныс жасаған еді.
XS
SM
MD
LG