Қарағанды соты үйлері құлаған "Бесоба" ықшамауданы тұрғындарының шағымын қарауды тоқтатты деп хабарлады Tengrinews.kz сайты. Тұрғындардың құқықтарын қорғап жүрген адвокат Евгения Танкованың айтуынша, судья шағым азаматтық соттың қарауына жатпайды деген шешім шығарған.
Бесобалықтар бұған дейін Қарағанды сотына өздерін заңсыз көшіргендерді, келісім-шарттарды дайындауды кешеуілдеткендерді және күмәнді уәде бергендерді жазалауды сұрап, шағым түсірген еді.
Заңгер қойылған сұрақтарға уақытында жауап бермеген бұрынғы әкім, қазір вице-министр Бауыржан Әбдішевтің әрекеті қылмыстық сотта қаралуы керек деп санайды.
Бұған дейін бесобалықтардың көпшілігі әкімдік ұсынған "Бесобадағы" үйлеріне қатысты құқықтарында жеңілдіктер жасау және уақытша баспананы займға алу ұсынысына келіспеген. Күзде олар әкімдікке өздері ұсынған келісім-шарт жобасымен келісетінін, я келіспейтінін және өздеріне уақытша баспана ретінде нақты қандай пәтерлер берілетінін білмек болып хат жазған. Бірақ оған сол күйі жауап келмеген.
"Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі осыдан үш жыл бұрын салынған көпқабатты үй биыл сәуірде құлап қалды. Заң орындары бұл оқиға бойынша құрылыс салған мердігер мен құрылысты жобалағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
Шілденің аяғында жергілікті билік "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйлер қиратылып, орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынады деп мәлімдеген еді.