Accessibility links

Қарағандыда құлаған үйге қатысты сот басталды


"Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі құлап қалған үй. Қарағанды, 7 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі құлап қалған үй. Қарағанды, 7 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Дүйсенбіде Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 сотында көктемде құлап қалған "Бесоба" тұрғын үй кешеніне қатысты шенеуніктер үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлады.

Сотқа тартылғандар - 2009 жылы тұрғын үй кешенін қабылдап алған комиссия төрағасы болған Сарань қаласының бұрынғы әкімі Виктор Иванов пен облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бас маманы Дәулет Алтынбеков. Оларға қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйді қабылдап алу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр.

"Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі осыдан үш жыл бұрын салынған көпқабатты №7 үй биыл сәуірде құлап қалды. Заң орындары бұл оқиға бойынша құрылысты салған мердігер мен құрылысты жобалап, қабылдап алғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Шілденің аяғында жергілікті билік "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйлер қиратылып, орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG