Ауғанстанда 16 адамды өлтіріп, тағы 6 ауғандықты өлтірмек болды деп айыпталған америкалық сержант Роберт Бейлздің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы Вашингтонда басталды.
Тыңдау екі аптаға созылады деген жоспар бар. Бейлзге оған қоса "заңсыз стероид сақтап, пайдаланды" деген тағы бір айып қосылды. Егер Бейлздің кінәсі дәлелденсе, оған қатаң жаза кесілуі мүмкін.
Ауғанстан үкіметі "бейбіт ауғандықтарды өлтіруге бірнеше америкалық әскеридің қатысы бар болуы мүмкін" деп санайтынына қарамастан, Роберт Бейлз - осы істе айыпталып отырған жалғыз әскери.
Тергеушілердің деректеріне қарағанда, Бейлз 2012 жылы 11 наурызға қараған түні Қандағар уәлаятындағы әскери базадан көрші қыстаққа барып, бейбіт тұрғындарды қырып салған. Олардың арасында әйелдер мен балалар да болған.