Accessibility links

Еуропа Одағы бюджетін талқылап жатыр


Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия президенті Ангела Меркель (бергі жақта) ЕО саммитіндегі кездесуде. Брюссель, 22 қараша 2012 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия президенті Ангела Меркель (бергі жақта) ЕО саммитіндегі кездесуде. Брюссель, 22 қараша 2012 жыл.
2014-2020 жылдарға арналған бюджет Брюссельдегі Еуропа Одағы (ЕО) саммитінде талқыланып жатыр. Одақ елдері арасында бюджет шығындарын қысқартуға қатысты ұстаным әртүрлі.

Ұлыбритания, Германия мен бірқатар елдер ЕО бюджетінің шығындарын қысқартуды қолдайды. Ал ЕО-ның Шығыс Еуропада орналасқан мемлекеттері бюджет көлемін бұрынғы қалпында қалдыра беруді, тіпті қажет болса өсіруді жақтап отыр.

Франция ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияны сақтап қалғысы келсе, Шығыс Еуропадағы ЕО мүшелері инфрақұрылымның дамуына бөлінетін қаржының азайтылуына қарсы. Бюджет жобасында бұл екі салаға бөлінетін қаражатты қысқарту қарастырылған. Бұл салалардағы қысқарту жалпы шығындарды қысқарту көлемінің 70 пайызы болып отыр.

ЕО президенті Херман Ван Ромпей 1 триллион АҚШ долларына тең Еуропа комиссиясы бюджетін 80 миллиардқа дейін қысқартуды ұсынды. Сарапшылар Брюссельдегі келіссөздер келесі аптаға дейін созылуы мүмкін екенін айтады.
XS
SM
MD
LG