Алматы қаласының Бостандық аудандық соты оппозициялық "Взгляд" газетінің басылуына тыйым салды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Алматыда өткен баспасөз жиынында газет бас редакторының орынбасары Олеся Щелкова бүгін редакцияның газетті басып шығаруға және өз материалдарын Facebook әлеуметтік желісіне жариялауға тыйым салу туралы сот шешімін алғанын айтады.
Щелкованың ойынша, басылымды "Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси режиміне қатысты тәуелсіз көзқарасы үшін жаппақ". Газет редакциясы тиражы 99 дана мақалалар жинағын шығарып, оны интернетке жариялауды жоспарлап отыр.
Қарашаның 21-і күні Алматы қаласы прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тануды, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салуды талап еткен.
Бұл іске қатысты алғашқы тыңдаулар қарашаның 30-ы күні өтеді.