«ЕураАзияЭйр» авиакомпаниясының иелігіндегі МИ-8Т тікұшағының «қара жәшігі» табылды. Бұл туралы ақпарат бүгін Қазақстанның бас көлік прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.
«Жедел-тергеу тобы мен авиатор мамандар борттағы сөздерді жазып отыратын құрылғыны («қара жәшік») тапты» делінген ресми ақпаратта. «Қара жәшік» Алматыдағы арнайы техникалық орталыққа жөнелтіледі, ондағы жазбаларды анықтауға кемінде бір апта уақыт кетеді делініп отыр.
Бұған дейін Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі қарашаның 29-ы күні кешке қарай МИ-8 тікұшақ апатында қаза болған 8 адамның мәйіттері табылғанын хабарлаған. «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы Атасу-Алашанькоу құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған тікұшақ 24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген соң жоғалып кеткен еді.
Қазақстанның бас транспорт прокуратурасы қарашаның 28-і күні тікұшақтың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғаған.