Accessibility links

Азаттықтың тәжік вебсайты қайта ашылды


Азаттықтың Тәжік қызметінің вебсайты өткен бейсенбі күні жергілікті билік орындарының талап етуі бойынша жабылған еді. Тәжікстанның мемлекеттік коммуникациялар қызметі бұл әрекетке "бір топ адамның шағымы түрткі болғанын" мәлімдеген.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосының президенті Стив Корн тәжік билігінің бұл шешімін "цензура" деп атаған.

Тәжікстанның интернет провайдерлер ассоциациясының төрағасы Асомуддин Атоев өздеріне салалық билік орнынан сайтты құрсаулау туралы СМС бұйрық берілгенін хабарлаған.

Душанбедегі АҚШ елшілігі Азаттықтың Тәжік қызметіне қарасты сайтты және Facebook желісін құрсаулауға қатысты алаңдайтынын білдіргесін дүйсенбі күні вебсайт қайта ашылды.
XS
SM
MD
LG