Астанада электровоз шығаратын зауыт ашылды деп хабарлайды Bnews.kz сайты.
Зауыт "Қазақстан теміржолы", Францияның локомотив жасайтын "Альстом Тарнспорт" компаниясы және ресейлік "Трансмашхолдинг" компаниясымен бірлесе құрылған. Зауыт құрастыратын электровоз 9 мың тонна жүкті тарта алады және 50 градус аяз бен 50 градус ыстықта да жүре алады. Алғашқы электровоз 2013 жылдан бастап сынақтан өте бастамақ. Зауыт жылына 50 электровоз шығаруды жоспарлап отыр.
Зауыттың ашылуына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.