«Әділ сөз» баспасөз қорғау қоры желтоқсанның 5-і күні Қазақстанда Stan.tv интернет-порталының өнімдерін таратуға тыйым салынғанын хабарлады.
Қордың жазуынша, желтоқсанның 4-і күні Алматының Бостандық аудандық соты Stan.tv порталы тарататын ақпараттарды Қазақстан заңына қайшы деп тауып, республика аумағында олардың таралуына тыйым салған.
Сотқа Алматы прокурорының шағымы себеп болғаны жазылады.
Ұйымның хабарламасында: "(сотқа түсірген) арызында прокурор әділет министрлігінің Алматыдағы аймақтық-ғылыми өндірістік лаборатория сарапшыларының "Козлов ісіне" қатысты жүргізген сот-психологиялық сараптамалық қорытындысына жүгінген" деп жазылған.