Accessibility links

Польшадан Жаңаөзен оқиғасы куәгерін қайтармауды сұрады


Жаңаөзен. 19 желтоқсан 2011.
Жаңаөзен. 19 желтоқсан 2011.
"Бүгін Алматыда Польшаның Қазақстандағы елшілігіне қазақстандық бір топ белсенділер үндеу тапсырды" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Үндеуде белсенділер Польша үкіметінен өткен аптада сол елде ұсталған Қазақстан азаматы Мейірман Шәуеновті Қазақстанға қайтармауды сұраған.

Үндеуді елшілікке тапсырған белсенді Диас Бейсенбектің айтуынша, олар "Польша үкіметінен Шәуеновті кінәсі болған жағдайда сол елдің өзінде соттауды сұрайды".

"Шәуеновті Қазақстан үкіметі сұрауы мүмкін. Қазақстанға қайтарылған жағдайда оны азаптауы ықтимал" делінген белсенділер үндеуінде.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан кеткен атыраулық Мейірман Шәуенов 2012 жылдың басынан бері отбасымен бірге Польшаның Згерж (Згеж) қаласындағы босқындар лагерінде тұрады.

Азаттық бұл туралы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG