Accessibility links

Ресей АҚШ-тың "Магнитский тізіміне" наразы


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 6 қараша 2006 жыл.
Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. 6 қараша 2006 жыл.
6 желтоқсанда Ресей саясаткерлері АҚШ сенатының "Магнитский тізімі" деп аталатын заң жобасын қабылдағанына наразылық білдірді. Ол бойынша, ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің қазасына қатысы бар делінген шенеуніктерге бірқатар санкциялар салынбақ.

Магнитский Ресей шенеуніктерінің 230 миллион АҚШ долларын жымқырғанын әшкерелеумен айналысқан еді. Ол 2009 жылы абақтыда тұтқында отырып қаза тапты.

Ресей сыртқы істер министрлігінің адам құқықтары және демократия бойынша өкілі Константин Долгов заң жобасын "әділетсіз және жөнсіз" деп бағалап, оны "Ресей азаматтарының құқықтарын аяққа таптау әрекеті" деп атады.

Ал мемлекеттік дума төрағасы Алексей Пушков "Ресей де өз тарапынан Ауғанстан, Ирак, Ливия және басқа да елдердегі адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар америкалықтарға қарсы заң қабылдай алады" деп мәлімдеді.

Парламенттің жоғарғы палатасы - Федерациялық кеңес заң жобасын "Ресейге жаулық көзқараста қабылданған" деп атады.

Өткен айда өкілдер палатасы мақұлдаған санкциялар пакетіне 6 желтоқсанда АҚШ сенаторларының көпшілігі қолдау білдірген еді. Заң жобасы күшіне ену үшін оған президент Барак Обама қол қоюы тиіс.

Сенат бұған қоса Молдова мен Ресейге қатысты "қырғиқабақ соғыс" жылдарында салынған Джексон-Вэник шектеуін алып тастауды да қолдап дауыс берді.
XS
SM
MD
LG