Accessibility links

Астананы Назарбаевтың есімімен атауды ұсынды


Назарбаев университеті. Астана, 29 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Назарбаев университеті. Астана, 29 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Желтоқсан жаңғырығы" қоғамдық бірлестігінің мүшелері Астананың атын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстыруды ұсынды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Бірлестік бұл ұсынысты сейсенбіде Алматыда өткен баспасөз жиынында айтқан.

Бірлестік төрағасы Төлеген Әлжанның айтуынша, Астана атауын Нұрсұлтан немесе Назарбаев деп атауды "халықтың өзі шешуі тиіс". Қоғамдық бірлестік Астананың атын ауыстыру туралы үндеуді тұңғыш президент күніне дейін дайындап, мәжіліс қарауына ұсынғанын айтты.
XS
SM
MD
LG