Accessibility links

АҚШ мектебінде 27 адам оққа ұшты


Сэнди Хук мектебінің мұғалімдері оқушыларын мектептен әкетіп барады. АҚШ, Ньютаун қаласы, 15 желтоқсан 2012 жыл.
Сэнди Хук мектебінің мұғалімдері оқушыларын мектептен әкетіп барады. АҚШ, Ньютаун қаласы, 15 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ-тың Ньютаун қаласындағы (Коннектикут штаты) Сэнди Хук мектебінде 27 адам оққа ұшты, оның кем дегенде 20-сы - оқушы.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Райан Ланза есімді 24 жастағы күдікті әуелі үйіндегі әкесін атқан. Ол содан кейін мектепте қызмет істейтін анасын іздеп келіп, оны және жиырма шақты адамды атып өлтірді. Ресми орындардың хабарлауынша, күдікті де өлген. Полиция оқиға орнынан тапанша тапқанын хабарлады.

Атыс кезінде Сэнди Хук мемлекеттік мектебінде 5 пен 10 жас аралығындағы 600-ден астам бала болған.

АҚШ-та биыл бұған дейін Колорадо штатындағы кинотеатрда 12 адам оққа ұшқан еді. Ал Висконсин штатындағы сикхтер ғибадатханасына келген біреу алты адамды өлтіріп, одан кейін өзін-өзі атып тастаған.
XS
SM
MD
LG