Шымкент маңында құлаған "Ан-72" ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтайтын комиссия құрылып, ұшақтың "қара жәшігін" оқуға кірісті.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамына қорғаныс министрлігі мен көлік және коммуникациялар министрлігінің мамандары кірген. Комиссияны мемлекеттік авиация ұшырылымдарының қауіпсіздігін бақылау бас басқармасының бастығы, полковник Мұрат Қажымұратов басқарады.
Комиссия апат болған аймақта көлемі екі гектарға жететін аумаққа зерттеу жұмыстарын жасайды.