Accessibility links

"Ауғанстандағы еврейлер" туралы қолжазбалар жарияланды


Көне қолжазбалар сақталған кітапхана. Армения, 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Көне қолжазбалар сақталған кітапхана. Армения, 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Израиль мемлекеттік кітапханасы "Ауғанстанда осыдан жүздеген жылдар бұрын өмір сүрді" делінген еврейлер қауымдарының қолжазбаларының көрмесін өткізді.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қолжазбалар Ауғанстанның солтүстігіндегі үңгірлерде сақталып қалған. Олардың кейбірінің 1 мың жылдық тарихы бар.

Кітапхана таяуда Иерусалимде бір саудагерден 29 қолжазба алған. Бірақ қолжазбалардың Ауғанстаннан қалай алынғаны белгісіз.

Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, "ауған генизасы" (синагогаларда құпия деректер сақталатын орын) деп аталып кеткен қолжазбалар осыдан 1 мың жыл бұрын Ауғанстанның солтүстік аймағында еврей қауымдары болғанын дәлелдейді. Ғалымдар "қолжазбалар еврей заңдары бойынша құдайдың аты жазылған құжаттарды жоюға болмайтын болғандықтан сақталып қалған" дейді. Қолжазбаларда ежелгі еврей, арамей, еврей-араб және еврей-парсы сөздері кездеседі.
XS
SM
MD
LG