Accessibility links

Чехияда президент сайлауы басталды


Президенттікке кандидаттар Милош Земан (сол жақта), Владимир Франц (ортада) және Иржи Динстбир. Прага, 9 қаңтар 2013 жыл.
Президенттікке кандидаттар Милош Земан (сол жақта), Владимир Франц (ортада) және Иржи Динстбир. Прага, 9 қаңтар 2013 жыл.
Чехияда бүгін жалпы халықтық президент сайлауы басталады.

Парламент бес жыл мерзіммен екі рет сайлаған елдің қазіргі президенті, 71 жастағы Вацлав Клаустың өкілеті осы сайлаудан соң аяқталады.

Сайлау қарсаңындағы қоғамдық пікірге қарағанда, сайлауға түсетін тоғыз кандидаттың арасында бұрынғы премьерлер Ян Фишер мен Милош Земан және денесіне тұтастай татуировка салған композитор Владимир Франц үшеуінің бәсі жоғары тұр. Тоғыз адамның арасынан ең көп дауыс жинаған екі кандидат екі апта ішінде қайта сайлауға түседі.

Бұған дейін президентті халық емес, парламенттің қос палатасы сайлап келген еді. Алғаш өтіп отырған жалпыхалықтық сайлауға дауыс беру құқы бар сегіз миллионнан астам адам қатысады. Қазіргі президент Вацлав Клаус Еуропа Одағының кейбір бастамаларына қарсы шығып, чехтардың сенімін иеленген.

Чехияда президенттің құзіреті шектеліп бара жатқанымен, ол елдегі бірқатар лауазымды орындардың басшыларын тағайындап, шетелдерге сапарлай алады.

Сайлаудың алғашқы кезеңі 11-12 қаңтарда өтеді.
XS
SM
MD
LG