Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
14 – 18 қаңтар 2013 жыл
19 қаңтар 2013 жыл, 17:35
Өткен аптаның сурет баяны
1
Қаңтардың 15-і жоғарғы сотта Шетпе оқиғасы бойынша сотталған азаматтарға қатысты сот үкімі қаралды. Адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетовтың айтуынша, жеті жылға сотталған Қажымұрат Әбезовтың жазасын төрт жылға, бес жылға сотталған Ғабиден Бақытжановтың жазасы үш жылға қысқартылған, бес жылға сотталған Ержан Мәмбетовтың жазасы үш жылға азайып, оны рақымшылық заңы бойынша босату туралы шешім шыққан. Суретте: «Шетпе ісі» бойынша сотталғандар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
2
2011 жылы желтоқсанның 17-сі Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болып, ресми ақпарат бойынша, бір адам қаза тауып, оншақты адам жараланған. Сот үкімі бойынша, төрт адам түрме жазасына кесіліп, бір азамат шартты жаза алған болатын. Суретте: Шетпедегі оқиғаға қатысты сот үкімін естуге келген жұрт. Ақтау, 21 мамыр, 2012 жыл.
3
Қаңтардың 14-і Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде содан бір-екі күн бұрын болған боран кесірінен үзілген жарық пен жылу қайта қосылды. Суретте: Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығының бораннан құлап қалған бу трубасы. 13 қаңтар, 2013 жыл. Сурет Facebook-тан алынды.
4
Бораннан үйлері қираған Оңтүстік Қазақстандағы кейбір елдімекендердің тұрғындары далада қалғанын айтады. Суретте: Таукент ауылындағы дауылдың салдары. Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 13 қаңтар 2013 жыл.
5
Қаңтардың 15-сі Павлодарда Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қайрат Мәмидің кортежіне ортаңғы саусағын көрсеткен Қанат Шалахаев бес күндік әкімшілік жазасын өтеп қамаудан шықты. «Қаңтардың 10-ы күні түскі сағат екінің шамасында аэропортқа барар жолда 1991 жылы туған жас жігіт кетіп бара жатқан кортежге әдепсіз ишара көрсетіп, қоғамдық тұлғаның адами қадір-қасиетіне тиді», – деді Азаттық тілшісіне сот өкілі Үміт. Суретте: абақтыдан босатылған Қанат Шалахаев журналистерге жолыққысы келмеді. Павлодар, 15 қаңтар 2013 жыл. Сурет журналист Есенбек Базарқұлдан алынды.
6
Қаңтардың 18-і «Жаңаөзен ісіне» қатысты куәгер болған Александр Боженконың өліміне байланысты сотта үкім шықты: айыпталушы екі азамат алты және жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды. 23 жастағы Александр Боженко Жаңаөзен оқиғасы бойынша өткен сотта әуелі бүркеншік атпен айыптаушы тарабынан жауап беріп, кейін қысым көрсетілгенін алға тартып алдыңғы жауабынан бас тартқан куәгерлердің бірі еді. Суретте: Жаңаөзен ісінің куәгері болған Александр Боженко. Ақтау, 26 сәуір 2012 жыл.
7
Астанада «билер соты» ашылмақ. «Демократия және адам құқығы» ұйымының директоры Болатбек Біләловтің сөзінше, кез-келген азамат өзіне қатысты сот шешімінің әділдігіне күмән келтірсе, «билер соты» қоғамдық бақылау палатасына жүгіне алады. «Билер соты» істі қарап, жоғары инстанцияларға ақыл-кеңес ретінде қорытынды ұсынады. Суретте: «Билер соты» палатасын ашудың бастамашылары (солдан оңға): Мақсат Нәрікбаев, Болатбек Біләлов, Тоқболат Игасанов және Айбек Мұқышов. Астана, 16 қаңтар 2013 жыл.
8
16 қаңтарда түн мезгілінде Астанада «Әділдік үшін» деген атаумен митинг өтті. Әкімдік рұқсат еткен жиынға келгендердің әрқайсысы жеке өз бастарына қатысты наразылықтарын білдірді.
9
Қаңтардың 17-сі Қазақстанда алғашқы рет онлайн сот отырысы өтті. «Кісі өлтірді» деп айыпталған 58 жастағы Риддер тұрғынының ісі Өскеменде мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Куәгер мен жапа шегуші тарап сот сұрағына Риддер қаласынан скайп арқылы жауап беріп отырған. Көрнекі сурет.
14 – 18 қаңтар 2013 жыл
Recommended
"Хайп қуу". Сенат спикері Ақтауда құлаған ұшақты атқан болуы мүмкін деген болжамға пікірін айтты
XS
SM
MD
LG