Accessibility links

Алжирдегі операция құрбандары саны 80-ге жетті


Алжирдегі исламшыл топ кепілге алғандарды босату операциясында жүрген танктер. 17 қаңтар 2013 жыл.
Алжирдегі исламшыл топ кепілге алғандарды босату операциясында жүрген танктер. 17 қаңтар 2013 жыл.
Алжирде кепілге алынған шетелдіктерді құтқару операциясы аяқталғаннан кейін қаза тапқандар саны 80-ге адамға жетті. Операция жүргізілген газ өңдеу кәсіпорнында басталған тазалау жұмыстары барысында алжирлік саперлер бірнеше адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Кепілге алынып, қаза тапқандар арасында Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Малайзия және басқа да елдердің азаматтары бар.

Құтқарушылар исламшыл топ Францияның Малиде әскери операция жүргізуіне қарсылық ретінде кепілге алған адамдарын босату операциясы өткеннен бір күннен соң Ин-Аменас кешені аумағын тазалай бастаған.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Алжир үкіметінің исламшыл топ кепілдегілерді ұстап отырған ғимаратқа басып кіру шешіміне қолдау танытты.
XS
SM
MD
LG