Accessibility links

Армения президенттігіне үміткерге қастандық жасалды


Армения президенттігіне кандидат Паруйр Айрикян.
Армения президенттігіне кандидат Паруйр Айрикян.
Арменияда президенттікке кандидаттардың бірі - Паруйр Айрикянді Ереванның орталық көшелерінің бірінде белгісіз біреу атып кетті. Саясаткер жараланып, ауруханаға түсті.

Азаттық радиосы Армян қызметінің хабарлауынша, оқ 63 жастағы саясаткердің иығынан тиген. Полиция қылмысты тергеу шараларын бастап кетті.

Совет одағы тұсында Паруйр Айрикян тыйым салынған саяси ұйымда болғаны және рұқсат етілмеген газет шығарғаны үшін 11 жыл лагерьде, үш рет қуғында болған. Сарапшылар оны сайлаудағы басты қарсыластардың бірі деп санайды.

Армян саясаткерлерінің көпшілігі, оның арасында премьер-министр Тигран Саркисян да Айрикиянның көңілін сұрап ауруханаға барды. Арменияның премьер-министрі саясаткерге жасалған қастандықты айыптады.
XS
SM
MD
LG