Қазақстанда Украинаның әскери техника шығаратын мемлекеттік "Укрспецэкспорт" компаниясының екі қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы Украинаның "Телевизионная служба новостей" веб-порталы хабарлады.
"Украиналық компания қызметкерлері қазақстандық шенеуніктерге пара берді деген күдікке ілінген" дейді портал хабарламасында. Бірақ әзірге аталған компания қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ресми ақпарат алмаған.
31 қаңтарда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасының бастығы генерал-майор Алмас Асановты 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айыппен тұтқындаған еді.